Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан бір тәулікте үш адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ШҚО полиция департаментінің таратқан мәліметіне сәйкес, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапқан.
Келесі ЖКО 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.
- Бурабайда көлік аударылып, салдарынан төрт адам қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті
- Маңғыстау облысындағы 10 адамның өмірін қиған жол көлік апатына екі жүргізушінің де кінәсі бар
“Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді полиция.
Департамент өкілдері жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"