Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданында түнде қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Суретті Алексей Наконечный есімді азамат түсірген. Спорт базасы орналасқан 1 870 метр биіктікте қар түскен. Қазір сурет желіде қызу талқыланып жатыр.
Ақпаратты "Қазгидромет" мамандары да растады.
"Риддердің өзінде және метеостанцияда қар жоқ. Қазір таулы аймақтарда жауын жауып жатыр. Қар аралас жаңбыр. Бірақ Риддерде және оның маңында бұл – қалыпты жағдай", – деп түсіндірді синоптиктер.
Сонымен қатар мамандар алдағы күндері аймақта күн суытуы мүмкін екенін айтты.
"Болжамға сәйкес Риддер, Катон-Қарағай сынды тауылы аудандарда алдағы күндері жаңбыр және қар түрінде жауын күтіледі, күн суытып, үсік жүруі ықтимал", – деді синоптиктер.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі