Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қаңтарда облыстық маңызы бар "Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік" тасжолының учаскесінде қар көшкіні жүрді. Жалпы көлемі 600 текше метр қар түскен.
"Аталған жол көшкін қаупіне орай алдын ала жабылған болатын. Қазіргі уақытта учаскені техника тазартып жүр. Содан кейін де жол жабық күйінде қалады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сонымен қатар бүгін "Өскемен-Алтай" тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.
"Беткейлерден қар массаларын бақыланатын түсіру жұмыстары алдын ала жүргізілуде. Алдын алу іс-шараларын жүргізе отырып, біз жағдайды тұрақтандырамыз және сол арқылы тұрғындар мен автожолдар учаскелері арқылы өтетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз”, - делінген хабарламада.
Барлығы 8200 текше метр қар түсті. Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өңірде қар көшкіні қаупінің сақталатынын хабарлап, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр