Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық қауіпсіздік комитетінмен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың экология департаментінің басшысын әшкереледі.
“Экология департаментінің басшысы басқатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат етіп, жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінді”, – деп мәлімдеді Антикор.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр