Қостанайда жасөспірім волейбол алаңында басын жарақаттап алған
Қостанай қаласының тұрғындары волейбол алаңының жағдайына наразылық білдрді. 29 мамырда "Аэропорт" ықшамауданындағы No5 үйден алыс емес жерде 17 жастағы жасөспірім волейбол алаңында тозығы жеткен металдарға басын кесіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Костанайские новости” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар волейбол алаңының жағдайына көптен бері шағымданып келген. Айтуларынша алаң мүлдем құлайын деп тұр. Тұрғындар оны өз беттерімен ретке келтіруге тырысуда.
“Міне, салдары осындай. Кеше кешке ол достарымен алаңда ойнаған еді. Өзі кәсіби волейболшы. Доп дуалға қарай домалап кетіп, алып, тұруға ұмтылған кезінде, шығып тұрған сымдарға басын жарақаттаған. Біз дереу жедел жәрдем бөлміне барып, жарақатын тіктірттік", - дейді зардап шегушінің әпкесі.
Жеткіншектің туыстары сервистік компанияға жүгініп, торды біраз уақытқа жинап тастаған. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері де барып, оқиғаның деректерін жазып алған. Жергілікті тұрғындар ойын алаңының басқа балалар зардап шеккенге дейін уақытша жабылғанын қалайды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған