Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік азаматты құлдыққа сатқан Жетісу полицейлері он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шетелдік азаматты құлдыққа сатқан Жетісу полицейлері он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық істі тергеу басталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

шетелдік азамат

Өзбекстан азаматының президентке үндеу айтып, бейнежазбада көмек сұрағаны әлеуметтік желіде таралды. Ер адам Қазақстанда он жыл тұрғанын және құжаттарын жоғалтқанын айтты. Ал Қаратал ауданының полиция қызметкерлері оны ұрып-соғып, фермерге сатып жіберген.

Жәбірленуші көкөніс бақтарын қазып, барлық қара жұмысты тегін орындағанын айтады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оны қойға айырбастаған.

Осы хабарламадан соң, Қаратал ауданына қауіпсіздік басқармасы, көші-қон қызметі және жеке құрам инспекциясы қызметкерлерінен топ жіберілді. Алайда аталған қызметкерлер жұмыстан шеттелтілді ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Егер олардың кінәсі ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша анықталса, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін қазақстандық полицейлердің Өзбекстан азаматын құлдыққа сатқаны хабарланды.

Талқылау