Шетелден келгендердің жататын жері мен ПТР тестілеуіне бюджеттен 90 млн теңге бөлінді
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелден ПТР тестілеуінсіз келгендерді екі күн бақылауға алғаны үшін қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ажар Ғиният халықтың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалып жатқанын айтты. Оның сөзінше осы уақытқа дейін екі күндік карантинге жатқызып, ПТР сынақтан өткізу үшін 90 млн теңге қаражат бөлінген.
"Халықтың қауіпсіздігі үшін әрбір шетелден келген азаматты тексеріп жатырмыз. Олар екі күнге карантинге жатқызылып, коронавирусқа тексеріліп жатыр. Бұл шаралар өте маңызды. Осы күнге дейін мұндай шараларға 90 млн теңге қаражат бөлінді", - дейді Ажар Ғиният.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"