Шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар үшін енді арнайы оқу орталықтары ашылады
Премьер-министр Олжас Бектенов шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтардың құқығы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Үкіметте қазақстандықтардың шетелдегі еңбек қатынастарын заңдастыру және олардың құқығын қорғау мәселесі талқыланды Қазір үкіметаралық келісімдер жасалып жатыр.
"Шетелдерде азаматтарымызды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша жұмыс істеп, кепілдік алуға тиіс. Еңбек министрлігі осы бағытта кешенді шаралар қабылдасын", — деді Олжас Бектенов.
Сөзінше, шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылады. Үкімет басшысы бұл басқа өңірлерде қолға алынуы мүмкін екенін тілге тиек етті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүре алмай қалған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"