"Шешінбей-ақ шок қыламын": Ерке Есмахан өзгеше образда көзге түсті
Ерке Есмахан ерекше стильдегі образымен көзге түсті. "Шешінбей-ақ шок қыламын" деген әнші әлеуметтік желіде жұрттың қызу талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерке сүйіктісі Азамат Зенкаевпен бірге Мәскеуге аттанды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында кезекті сапарының қызықты кадрларымен бөлісуде. Ол жеке парақшасында қара түсті киімге үйлестіріп сары аяқ киім киген суретін жариялады.
Соңғы кездері ерекше стилімен көзге түсіп жүрген Есмахан көзілдірік, сөмке, орамал сынды аксессуарлардың да қара түстісін таңдаған.
"Менің шешінбей-ақ шок қылатыным бар енді! Трансформация!" - деп жазба қалдырды өзі.
Оқырмандар Еркенің жаңа киім үлгісіне қызықты.
"Азаматпен кездескелі бері, стиліңіз жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді", "Уау", "Супер", "Осыдан кейін Эйзиге қалай ренжисің, мен де ғашық болып қалдым", "Шешінбей-ақ қойыңыз. Не деген сұлулық", "От" деп тамсанды оқырмандар.
“Айтсаң, өлтіремін деді": Ақтөбеде оқушы қызды бала кезінен танитын көршісі зорлаған
22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды
"Жүлдені өз адамдарына береді": Қазақстандық ақындар мүшәйралардағы жершілдік пен тамыр-таныстықты сынады
Әдебиеттанушы кейбір байқауларда жүлдеге таласушылардың таныстары арқылы орын сұрататынын да айтады