Шешенстан президенті 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады
Фото: Коллаж tass.ru/24smi.org
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар Ахмат Қадыров 2024 жылдан бері атқарып келе жатқан дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын сақтайды. Бұл туралы ол өз Telegram-каналында жазды.
Шешенстан басшысының басқа да ұлдары басшылық қызметтер атқарған. 2024 жылы Зелимхан Қадыров "Ахмат" жекпе-жек клубын және Шешенстан бокс федерациясын басқарған. 2025 жылы Адам Қадыров республика Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған.
БАҚ есептері бойынша, Рамзан Қадыровтың туыстарының, соның ішінде 14 баласынан жетеуі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген немесе қазір де істеп келеді.
Еске салсақ, бұған дейін Рамзан Қадыров 80-нен астам туысын басшылық лауазымдарға тағайындағаны туралы хабарлаған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"