Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы қашан басталатыны айтылды

Марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Саида Тәуекелева қылмыстық іске қатысты сот отырысы наурыз айында басталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Адвокаттың сөзінше, қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Олар оны зерттеп болған соң соттың қашан басталатыны анықталады.

"Менің болжамым бойынша, сот наурызға дейін емес, наурыздың ортасында басталуы мүмкін. Өйткені қылмыстық іске қатысушылар көп", – деді адвокат.



Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеген едік. 

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет берді. Сондай-ақ әкімдік үйді қалпына келтіруге уәде берді.

Оқиғаларды тергеу кезінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 12 қазанда кінәлілерді анықтау бойынша шаралар туралы мәлімдеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Талғарға Ұлттық ұлан күштері жұмылдырылды.

9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзат Полаттың жанында болып, қақтығыс кезінде қаза тапқан жасөспірімнің әкесінің жанында жүрген оның ағасының денесі табылғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған.

Талқылау