Шерхан Пірназар: Тұңғышым өмірімді түбегейлі өзгертті
Актер Шерхан Пірназар қызы Әдемімен бірге бағдарлмама эфиріне шықты. Актер отбасы, бала тәрбиесі жайында айтты, деп хабарлайды HIT TV арнасы.
Актер Шерхан Пірназардың Әдемі есімді тұңғышы әжесінің тәрбиесінде. Өзі де қолы босаса, балаға көңіл бөлуге тырысады.
“Менің қызым көбінесе әжесімен бірге. Яғни анам қарайды. Ертегісін тыңдайды. Бірге ойнайды. Одан кейін өз анасы қарайды. Біз көбіне жұмыста болғандықтан, балаға көп көңіл бөле алмаймыз. Бірақ шама келгенше тәрбие беруге тырысамыз. Балаға ең бірінші жақсы тәрбие беру керек. Көңіл бөлу керек. Денсаулығына күтіммен қарау керек”, – деді ол.
Актер қызының ең тәтті сөзі “әке” дегені дейді. Тұңғышым өмірімді өзгертті деп мойындайды.
“Қызыма телефон ұстатқымыз келмейді, бірақ ол бекер. Ол әуелі әжесімен, сосын ғаламтормен дос. Желіден небір видео, мултьфильмдерді көреді. Бәрібір айтқанын істетеді. Телефонға көп қарайды. Сосын көп ұйықтайды. Ең сүйікті түсі сары. Сүйікті ойыншығы – қуыршағы. Ең тәтті сөзі “әке” дегені.
Актер көпшілікті бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырады.
Желі қолданушылары актердің отбасылы екенін өз аузынан естіп таңғалды.
“Шерханның отбасы болса, неге Ақботаға сөз айтып жүр?”, “Ол арзан хайп қой”, “Мен ажырасқан азамат екен деп ойладым”, “Отбасы, әйелі, қызы бар”, “Бақытты болсын”, “Қызын жақсы көреді екен”, “Көрерменді екі ойлы қылып қойды”, – деп жазды олар.
Шерхан Пірназармен көзге түскен Ақбота Сейтмағамбетті көпшілік сынға алды