Шенген аумағына қазақстандықтарға арналған визасыз режим енгізу үшін келіссөз жүріп жатыр – Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтары үшін Шенген аумағындағы елдерде визасыз режим енгізу мақсатында келіссөз жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СІМ өкілінің сөзінше, бүгінде Еуроодақ елдері үшін бір жақты визасыз режим енгізілген, яғни олар Қазақстанға арнайы визасыз келе алады.
"Қазір бұл аумақ та визасыз болуы үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз", – деді ол.
Ведомство өкілі Шенген бойынша шешімді барлық 27 елден күтіп отырғанын мәлімдеді.
Шенген аумағындағы 27 ел арасында шекара-төлқұжат бақылауы алынып тасталған. Сондықтан азаматтар шекарадан еш кедергісіз өте алады. Дегенмен Шенген құрамына Еуроодақтағы барлық елдер қосылмаған.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі