AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шектен шыққандық": Әбдукәрімова ән айтқан қызын сынағандарға жауап берді

Жұлдыз Әбдукәрімова екінші қызы Алаумен бірге отандық "Мама, маған дауыс бер" жобасына қатысты. 12 жастағы Алау Қайратқызы алғаш рет үлкен сахнаға шығып, ән шырқады. Мұны көрген Instagram оқырманы қызды сынға алған. Ана жүрегі шыдамаса керек, Әбдукәрімова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Балалардан сабақтан үнемі “5” алуын талап етпеймін. Маған олардың жақсы маман болуынан бұрын жақсы адам болғаны маңыздырақ. Сондықтан ұстаз бол, дәрігер бол, әнші бол, актер бол деуден аулақпын. Бала кезінен бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өскен адамнан жаман маман шығуы мүмкін емес деп ойлаймын. Ал әзірше жаны қалағанымен айналысып, жан-жақты өздерін дамыта берсін", – деп жазған Жұлдыз қызының өнер көрсеткін сәтін жариялады

Оқырмандардың бірі оған: "Аузы қисык болса да, байдың баласы сөйлейді. Әкесінде де дауыс жоқ", – деп жазған. 

Оған Жұлдыз: 
"Бірдеңе дейін десем, өзіңіз де анасыз. Балаға сын айтқаннан дәрежеңіз өсіп кетті ме? Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу деген. Жасыңызға қарасам, балаға күлетін бала емессіз, бала тәрбиелеп отырған анасыз", – деп жауап берді. 

Одан кейін Әбдукәрімова қызын сынағандарға арнап, пост жазды. 

"Қазіргі қазақ қоғамында қателіктің құны ауыр... Бұл ниеттің тарылғаны ма әлде расымен ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пендені жеккөргенімізден бе?! "Жақсы сөйле не үндеме", "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын", "Болар баланың бетін қақпа, белін бу" деген сөздердің авторы қазақ емес пе?! Ендеше сондай кең пейілден шыққан өз сөзімізге ісіміз неге сай болмай бара жатыр?!

Мен балаларымды жұрттан асқан талантты, өнерлі демеймін. Тіпті өзгемен салыстырмаймын да. Өзінің кешегі күнінен жақсырақ, білімдірек, саналырақ, бақыттырақ болса болды. Құс екеш құс та өз балапанын қорғайды. 

Бұған дейін біздің отбасымызға қандай негатив айтылмай жатыр. Айтылсын, оны үлкендер көтереді. Ал олардан асып, енді баланың жеке басына өту – бұл шектен шыққандық. Мен үшін дүниедегі ең қор адам – баланың жетістігіне қуана алмаған адам. 

Біздің әулет ұнамай ма, өміріңізді қиындатпай, жай ғана оқымай қоя салыңыз. Қазақ деген қалпымыз бен болмысымызға сай болайық. Бізді текке ұлы, дана, қонақжай, кеңпейіл демеген", – деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі. 

Алайда Жұлдыз көп уақыт өтпей, бұл жазбасын өшіріп тастады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр