Қосымша күш тартылып жатыр: Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушықты
Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушықты. Екі тараптың әскерилері атысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, "Достық" заставасы нысанаға ілігіпті. Қырғыз тарапы да қарсы қару қолданған.
Мәлімдемеде атыс әлі жалғасып жатыр делінген. Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті атысты қырғыз шекарашылары бастады деп айыптады. Тіпті олар шекараға қосымша күш тартып жатыр дейді.
Қақтығыс болған аймақ таулы жерде орналасқандықтан, онда бейбіт халық тұрмайды. Соңғы жеткен ақпаратта екі тарап атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген