Шавкат Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеген америкалық файтер қазақстандықпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Атақты америкалық файтер Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистермен әңгімелесу барысында Колби Ковингтонға 29 жастағы Рахмоновпен келесі жекпе-жекті шығу туралы сұрақ қойылды. Америкалық файтер басқа адамды қарсылас көретінін айтты.
"Түк мағынасы жоқ. Томпсон қарсыласым болғанын қалаймын, бұл әлдеқайда маңызды жекпе-жек, үлкен атау. Бұл UFC үшін жақсы бизнес болар еді", – деді ол.
Ал Колби Ковингтонды ұтқан Леон Эдвардс (22-3-0-1) Ковингтонға Белал Мұхаммедке (23-32-0-1) қарағанда Рахмонов мықты қарсылас екенін айтты.
Еске салсақ, америкалық файтер Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіретінін айтқан еді.
Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ