Шавкат Рахмонов UFC тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі чемпиондық жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: UFC
Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартқан. Шавкат Рахмоновтың командасы бұл жекпе-жектің өтпейтінін растады. Қазіргі таңда Шавкаттың UFC 310 турнирінде басқа қарсыласпен шығуы мүмкін бе немесе чемпион Белал Мухаммадпен жекпе-жекті күте ме деген сұрақ төңірегінде келіссөздер жүргізілуде.
Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт отандасымыз Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадтің (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін турнирдің басты жекпе-жегі болатынын айтқан еді.