Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған ирландиялық спортшымен жұдырықтасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов(18-0) UFC 310 турнирінде жеңілмеген спортшыға қарсы жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram.com/darteam.kazakhstan/
Қазақстандық ММА жауынгері Шавкат Рахмоновқа жеңілмеген жаңа қарсылас табылды. Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан UFC 310 турнирі аясында ирландтық Иэн Гарримен жартылай орта салмақтағы уақытша чемпион атағы үшін төбелеседі. 26-жасар Иэн Мачадо Гарридің рекорды15-0. Өзінің соңғы жекпе-жегінде ол Майкл Пейджді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Бұған дейін UFC 310 аясында Шавкаттың қарсыласы Белал Мұхаммад болуы керек еді, бірақ UFC-дің қазіргі чемпионы инфекция жұқтырып, октагонға шығудан бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жауынгермен Камару Усман мен Колби Ковингтон төбелесуден бас тартқан еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

