Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаштаразға кетіп, қайтып оралмады": Көкшетауда мектеп оқушысы жоғалып кетті

Көкшетау қаласында кәмелетке толмаған қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Ол шаштаразға кетіп, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 жылдың 21 тамызында Көкшетаудағы полиция бөлімінің жоғалған баланың анасы келіп бір күн бұрын, яғни 20-шы тамызда сағат 15:00 шамасында қызы Нұрлы көш ауылындағы үйінен шығып кетіп, содан кейін үйіне қайтып келмегенін, ұялы телефон сөндірулі екенін, қайда кеткенін білмейтінін хабарлаған.

Ақпарат келіп түскеннен кейін Көкшетау қаласы полиция басқармасы мен полиция департаменті аппаратының жеке құрамының 102 қызметкері қызды іздеуге кірісті. Кейін іс-шараларға облыстық ТЖД жеке құрамының 20 қызметкері және Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің 30 әскери қызметшісі қосылды. Сондай-ақ, 79 ерікті белсенді қатысты.

Жоғалған А. Е. Хайдарованы табу мақсатында қажетті шаралардың бәрі қабылданған: қоғамдық көліктер тексерілді, хабар-ошарсыз кеткен қозғалыс бағыты бойынша объектілерде орнатылған бейнебақылау камералары пысықталды, іздестіріліп жатқан адамның сыныптастарынан жауап алынды, жертөле үй-жайлары, шатырлар, қараусыз қалған ғимараттар, кәріз құдықтары тексерілді және т.б.

Алайда, бұл жұмыстардың ешбір нәтиже бермеуіне байланысты із-түзсіз жоғалған А. Е. Хайдарованы іздестіру бойынша одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасады.

Қыздың қайда екендігі туралы қандай да бір ақпаратты білген адамдарды дереу полиция органдарына "102" арнайы желісіне хабарлауға шақырамыз.

Талқылау