Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашынан тартып ұстады": Алматы әуежайында пышағы бар ер адам қызметкерді кепілге алды (видео)

Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.



Алматы әуежайының мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде таныстырып, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкер оның құжатын сұраған кезде ер адам оны ұстап алып, пышақпен қорқытқан.

Полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері 7 минуттан кейін шабуылдаушыны ұстап, қаруын тартып алды. Қазір ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.

Кейіннен желіде Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстаған сәт түсірілген видео тарады. Кадрлардан қоңыр жеңсіз жейде киген кісінің ер адамды әңгімеге айналдырып, пышағын жұлып алғанын көруге болады. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайының жаңа халықаралық бағыттарға арналған терминал жағында құбыр жарылып, төбеден су аққан еді. 

Талқылау