"Шашын жайып алған": Қайрат Нұртасқа сәлем салған Заңғар Нұртастың жары тағы да сынға қалды (видео)
Заңғар Нұртастың жары Жібек қайын ағасы Қайрат Нұртасқа сәлем салды. Бұны көрген желі қолданушылары зор ықыласын білдіріп жатыр.
Жақында ғана отау құрған жас жұбайлар Заңғар мен жары Жібек әлі де ел аузында. Көпшілік жаңа түскен келінге сын көзбен де қарады. Бірі сұлу қыз екенін айтып тамсанды. Енді бірі мінезі жайлы айтып таласты.
Желіде жас келіннің қайын ағасы Қайрат Нұртасқа сәлем салған сәті жария болды. Бұл желі қолданушыларының зор ықыласын оятты. Енді бірі мұның оңтүстік өңірде қалыпты жайт екенін айтып жатыр.
“Енді орысша сөйлесең, оқырмандарымның тілегін орындайсың”, – дейді видеода Заңғар.
Жары мұнымен келіскен кейіп танытты. Сол сәтте Қайрат Нұртасты көріп, сәлем салады.
“Орамал болмаса, сәлем салудың керегі не?”, “Кеше ғана түскен жас келіннің шашын жайып жүргені жаман көрінеді екен, өте ерсі”, “Құдай, жас келін ғой, орамал тақпай ма, ұят қой”, “Сәлемі сәлем-ау, бірақ қайын ағаларымен сүйісіп амандасқаны ерсі енді”, “Сәлемі сәлем-ау, бірақ қайын ағаларымен сүйісіп амандасқаны ерсі енді”, “Қалайсыңдар деген несі, алдымен сәлем бердік деп амандасады. Орамал тағып сәлем салу керек”, “Жалпы кез келген нарсені салып жариялап керек емес. Жеке өмірлерін. Мына жерде әр түрлі пікірлер жазады”, “Бәрі тырнақ астынан кір іздеп отыр”, – деп жазды олар.
“Бұл жолы өз аяғымен келді”: Қайрат Нұртас жанкүйеріне ерекше құрмет көрсетті (видео)