Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашымнан сүйреп, ұрғысы келді": Қарағандылық қыз Indriver такси жүргізушісімен болған оқиға туралы айтты

Қарағандылық жолаушы Indriver қызметінің такси жүргізушісі оған шабуыл жасады деп айыптады. Қыздың оқиғасы әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Оқиға 1 маусым күні кешке Қарағандыдағы 15-ші аялдамада болған. Қыз жолдың бағасын көрсетіп, такси шақырды.

"Такси жүргізушісі хабарласып, біздің нешеу екенімізді сұрады. Сосын мен, біз үшеуміз, әрқайсымыз 1500 теңгеден, Теміртауға үш бағытқа апару керектігін айттым. Сөйтіп 3 жерге = 4500 теңгеге 1500 бағасына келістік. Кейін бұл нөмірден басқа адам келіп тұр. Басқа жүргізушісі біздің неше адам екенімізді және қанша теңге төлеу керектігін қайта сұрайды. Мен әрқайсымыз 1500 теңге төлеймін деп айттым. Ол бірден ашуға булығып, өзінің тек 2000 теңгеге жеткізіп тастайтынын алға тартты. Артынша наразылығын білдіре бастады", – деп жолаушы түсіндірді.



Шағын ауызша кикілжіңнен кейін такси жүргізушісі жолаушылардың "аналарын балағаттап, бейәдеп сөздер" айта бастаған.

"Сосын тоқтауды өтініп, онымен Теміртауға барудан бас тарттық. Осыдан кейін жүргізуші мені ұрғысы келіп, шашымнан сүйрей бастады. Достарым болмағанда ол менімен не істейтінін білмеймін. Оның көлігінің мемлекеттік нөмірін полиция департаментіне жіберілді", – деді жолаушы қыз.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау іргесіндегі "Адай" базасының аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргенін жаздық. Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындаған. Салдарынан жолаушы такси жүргізушісін өлтірген. Жолаушының өзі де пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Талқылау