Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шаруалардан басқа кім улайды”. Алматы тауларында жабайы жануарлар белгісіз жағдайда қырылып жатыр

Алматы маңындағы тау бөктерін мекендегені жабайы жануарлар белгісіз жағдайда өліп жатыр. Тіпті орманшылғар соңғы үш жылда 40-қа жуық қасқыр мен түлкінің, еліктің денесін тапқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, жабайы жануарлардың өліп жатқаны жайында орманшылар дабыл қаққан. Олар Қарақыстақ ауылының малшылары қасқыр мен түлкіден құтылу үшін арнайы дәрілерді орманға тастайды. Салдарынан өзге де табиғаттың тіршілік иелері өліп кетіп жатыр деп отыр. 

“Жақында мына бөктерден 3 қасқырдың өліп қалғанын байқадым. Осыдан 3 жыл бұрын Майтөбе мен Суықтөбе жоталарында 40-қа жуық қасқыр мекендейтін. Қазір олардың бірі де жоқ. Жаз жайлауда бұл аумақ малшылардың мал жаятын орнына айналған. Мүмкін со жануарларына алаңдағаннан ба, олар жыртқыштарды қуу үшін улы дәрілер пайдаланып жүр деп ойлаймын”, - дейді орманшы Владимир Журомский. 

Сондай-ақ ол бұл жағдайдың соңғы 5 жылда жиілеп кеткенін айтады. Көбіне қасқырлар мен түлкілер қырылып барады дейді. 

Дей тұрғанымен мұндағы жұрт орманшылар пікірі шындыққа мүлде сай емес деп отыр. 

“Кімдер улап жүр екен? Малшылар ондай әрекетке бармайды. Улы дәрінің көк желекке шашса, кейін ол жерге мал да жайылады ғой. Оларға да зияны бар. Сондықтан ондайды шаруаларымыз істемейді”,  - дейді тұрғындар. 

Орманшылар олардың сөзіне сенбеді. Керісінше ауылдағы кез-келген ветеринарлық дәріханаға барсаңыз улы дәріні еш рұқсатсыз сата беретінін айтты. Ал шаруалардың дәл сол дәрілерді қалай пайдаланатынын білмейміз дейді. 

Дәріханада шынымен де улы дәрілер көп екен. Тіпті сырты қытайша жазылған қорапшаны қалай қолдануды түсінбейсің. Сатушы бұл дәрімен ит пен мысықты, тіпті қасқыр, түлкіні де улай беруге болатынын түсіндірді. Бағасы 400 теңге. 

Осы жағдайдан кейін жергілікті әкімдік пікіріне құлақ астық. Онда орманшылар дабылын жақында ғана естідік деп отыр. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев жақында ветдәріханаларды аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізетініне де тоқталды. 

Жалпы орманшылар жабайы жануарларды улап өлтіруге қарсы. Себебі олардың жаппай қырылуы салдарынан табиғат балансы бұзылады екен. Тіпті бұлай жалғасса экологиялық проблемаға айналуы мүмкін. 

Талқылау