AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаруалар Тоқаевтан ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген несиелеу тетігін енгізуді сұрады

Қазақстан фермерлер қауымдастығы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген несиелеу тетігін енгізу туралы өтінішпен ашық хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ашық хатта елде егін жинау науқаны тамыз айының бірінші жартысында басталатыны, алайда өткен жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өзін жақсы көрсете білген ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің қолданыстағы бағдарламалары бойынша қаражаттың болмауына байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін емес екені айтылған.

"Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз", - делінген қауымдастықтың жазған ашық хатында.



Шаруалар аталмыш шарттармен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосу фермерлерге ағымдағы жылғы егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 147,7 мың трактор мен 38,1 мың комбайнды құрайды. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 80%-ға дейін жетеді.

"Ағымдағы жылғы күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады", - деп түйіндеген ашық хат авторлары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр