Шартты түрде түрмеден босатылған Қайрат Боранбаев шетелге шықпақ
Шартты түрде бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев Парижде өтетін Кәсіпкер УЕФА-ның 48-ші конгресіне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mcdonalds.kz
Бұл туралы “Қайрат” футбол клубының өкілі мәлімдеді.
“УЕФА әділ ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитеті төрағасының екінші орынбасары, УЕФА Балалар қорының басқарма мүшесі Боранбаев Қайрат Советайұлы ресми шақыру алды. Ол Парижде өтетін УЕФА-ның 48-ші конгресі мен 2024/25 жылғы УЕФА ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысады”, – делінген хабарламада.
Қайрат Боранбаев жаңа сот ісімен назарға ілікті
Шартты түрде босату талаптары бойынша пробациялық бақылауға алынған кәсіпкердің шетелге шығатыны туралы ақпарат БАҚ-та қызу талқыға түсті.
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі кәсіпкердің пробациялық бақылау шарттарын бұзбайтынын атап өтті.
"Қайрат Боранбаев Алматыда. Шақыру келді, бірақ ол салтанатты рәсімге онлайн түрде қатысады. Ешқайда кетпейді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгертіліп, кәсіпкер шартты түрде бостандыққа шыққан еді.