Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа басшы келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ерсайын Нағасбаевтың желідегі парақшасынан
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев Қарағанды мемлекеттік университетінің "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығының түлегі.
Әр жылдары "Ақтау халықаралық сауда порты" РМК, Премьер-министр кеңсесі, "Новострой Астана" ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған. Шахтинск қаласының әкімі (2011-2013), Астана әкімінің орынбасары (2013-2014), "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы (2014-2016) болды. 2021 жылдың сәуірінен бастап "ҚТЖ" ұлттық компаниясында жұмыс істеген. Кейінгі уақытта "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры болды.
- Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын тағайындады
Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне келгенін жаздық.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады