"Шаңды дауыл соғып, жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазгидромет” мәліметіне сүйенсек, Қазақстан аумағы арқылы өтетін циклон салдарынан ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл соғады. Республиканың тек шығысы мен солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, орталық аймақтарда 17-22 градусқа дейін көтеріледі. Ал шығысында 12-20 градусқа дейін жылынады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған