Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шалбарыңызды кие аласыз ба?": Алматы полицейлері жолаушының көзінше жыныс мүшесін жалаңаштаған такси жүргізушісін іздестіріп жатыр

Алматыда полиция қызметкерлері жолаушының көзінше жыныс мүшесін жалаңаштаған такси жүргізушісін іздестіріп жатыр. Бұған дейін ер адамның ерсі әрекеті түсіп қалған видео желіде тараған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Әлеуметтік желідегі жазбада жолаушының Алматыдан Қонаев қаласына дейін таксиге тапсырыс бергені жазылған.

"Ер адам жолаушыдан алдыңғы орындыққа отыруды сұраған, себебі жол-жөнекей тағы жолаушы алмақ болған. Бірақ ешкімді отырғызбаған. Діттеген орынға дейін қыз сол күй жетпеген. Қала сыртында-ақ көлікті тоқтатуды сұрап, түсіп қалыпты. Сөзінше, жолда жүргізуші жыныс мүшесін жалаңаштап, ұстап отырған", – делінген жазбада. 

Оқиғаға қатысты Алматы полициясы пікір білдірді. Дегенмен жолаушы қыз тәртіп сақшыларына арыз түсірмеген. 

"Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қоңырау немесе арыз түспегенін мәлімдейді. Бұған қарамастан Жетісу аудандық полиция басқармасы мән-жайды анықтап, әрі қарай ҚР заңнамасына сәйкес шара қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау