"Шахрам Гиясовпен жекпе-жек бүкіл жанкүйерге қызық": Данияр Елеусінов Рио олимпиадасының финалында жеңген Гиясовқа қарсы жекпе-жегі туралы айтты
AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйді нокаутпен жеңген Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жектерінде байырғы қарсыласы Шахрам Гиясовқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жеткен Данияр Елеусінов Рио олимпиадасының финалында жеңген өзбекстандық Шахрам Гиясовпен болашақта жекпе-жекке шығуы мүмкін екендігін айтты.
“Әрине, Шахраммен жекпе-жегіміз барлық жанкүйерлерге қызық болатыны анық. Тіпті, барлық ТМД елдері күтетін жекпе-жек болар еді. Бірақ Шахраммен қазір достық қарым-қатынасымыз бар. Бір-бірімізді жекпе-жекке шақырып, артық әңгіме айтпаймыз. Бірақ бұл жекпе-жекті ұйымдастырып жатса, спорттық бәсекелестік үшін жұдырықтасқанымыз қызық болар еді”, – деді Данияр.
Айта кетейік, Даниярдың All Stars Boxing турнирінің басты жекпе-жегінде филиппиндік Джо Нойнэйді 5-раундында техникалық нокаутпен жеңгенін жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

