Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада Үндістаннан жеңіліп қалды
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz. порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан 0,5-3,5 есебімен ұтылғаннан кейін турнир рейтингінде сегізінші орынға сырғыды.
Бибісара Асаубаева тең ойнап, ұлттық құрамаға ұпай алып келді. Ал құрама көшбасшысы Жансая Әбдімәлік пен құрама мүшесі Гүлісхан Нахбаева және Ксения Балабаева өз партияларында жеңіліп қалды.
Матчқа дейін қазақстандық шахматшылар үшінші, ал үндістандық спортшылар екінші орында болды. Үндістан құрамасы Қазақстанды жеңгеннен кейін рейтингте көш бастады.
Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжаннан 1-3 есебімен ұтылғаннан кейінгі екінші жеңілісі.
Қазақстанның әйелдер құрамасы – Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады

