Сейсмологтар Алматыда тағы жер сілкінісін тіркеді
2024 жылы 23 ақпанда Алматыда екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның күші екі балл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сағат 16:33-те тіркелді.
"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл – афтер сілкініс. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген сейсмикалық станциялар желісінің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі алматылықтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуді қатаң түрде ұсынады.
"Жағдай тұрақты", – деп атап өтті департамент.
Алматылықтар алғашқы жер сілкінісін жалпықалалық сейсмикалық дайындық кезінде сезінді.
Еске салайық, сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:08 шамасында жер сілкінісін тіркеді. Дәл осы уақытта қалада сейсмикалық жаттығу өткен еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған