Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы
Шоу-бизнесте едәуір жас аралықпен жар таңдаған әртістер көп. Олардың арасында өзінен бір мүшелге кіші бойжеткенді жар еткендер де, бірнеше жас үлкен арумен отау көтергендер де баршылық. Бұл орайда әнші әрі сазгер Сейфуллин Жолбарыс махаббаттың жасқа да, ұлтқа да қарамайтынына сенімді.
Бұл туралы Сейфуллин MuzZone арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
«Мысалға, 20, тіпті 27 жас үлкен адамдарды білемін. Олтек шоу-бизнес емес, басқа салаларда да бар. Құдай бұйыртып, тағдыр бастарына жазып, солай үйленіп жатқан адамдар бар. Онда тұрған ештеңе жоқ. Оны «круто» деп те, «не круто» деп айтуға да болмайды», – деді ол.
Одан кейін сазгер өзінің орыс ұлтынан алған жары туралы айтып берді.
«Өзге ұлттан жар алған азаматтар аз емес қой. Ол біздің қазақта да, басқа ұлтта да бар. Сондықтан барлық нәрсе адамгершілікте деп ойлаймын.
Жұбайым орыс болғанмен, ауылда өскен, қазақша сөйлейтін орыс. Қалада өскен орыс емес, кәдімгі сиыр сауып өскен орыстың қызы. Қазақша өлең айтады», – деген Сейфуллин жары Екатеринаның қазақша таза сөйлейтініне сендірді.
Жіберіп алмаңыз:
Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)
Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)
Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын
Тәуекел Мүсілім: Қазақ қыздарын шетелдіктерге беріп қойған өзіміз кінәліміз