Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалысқа кетті
Белгілі қазақстандық боксшы, Олипиада чемпионы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады, демалыс төрт айға созылады.
"Серік Сәпиев 12 тамыздан 23 желтоқсанға дейін бала күтімі бойынша ресми демалысқа кетті. Комитет төрағасының міндетін оның орынбасары Серік Жарасбаев атқарады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Серік Сәпиев 2019 жылдың қаңтарынан бастап спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарады.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі