"Серігім бол деген сөзіне келістім": Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің үйлену тойының үзінділері жарияланды (видео)
Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында Заманбек Нұрқаділов екеуінің үйлену тойының үзінділерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бенежазбаға жұптың неке қию салтанатының көріністері таспаланған. Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісова бір-біріне сақина таққан сәті де бар. Өнер иесі бұрынғы кездерін есіне алып, қалай келісім бергенін айтып берді.
"Серігім бол деп айтқан сөзіне келістім", - дейді Мақпал Жүнісова.
Осы және өзге де ескі бейнежазбаларын желіде бөліскен Мақпал Жүнісова пікір жазуға шектеу қойған. Алайда, бірнеше уақыттың ішінде жазбаны көргендердің саны 300 мыңға жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен отандасқан. 2002 жылы жұптың Мерей есімді қыздары дүниеге келеді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды