Нұр-Сұлтанда "Сергек" камераларына түсіп қалған жүргізушілер енді жауапкершіліктен құтылмайды
Нұр-Сұлтанда бұдан былай "Сергек" жүйесінен айыппұлдар есептен шығарылмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов Astana - Adaldyq alańy брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айдос Қолдасовтың айтуынша, әкімдік "Серегектен" айыппұлдарды есептен шығаруды болдырмауға бар күшін салған.
"Бұл жоба бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Біз өз тарапымыздан мұндай проблемаларды болдырмау үшін бар күшімізді салдық және олар болмады. Есептен шығару бойынша мұндай жағдайлар болмайды деп мәлімдей аламын, өйткені барлығы автоматтандырылған, барлығы механикалық, ал барынша жеңілдетілген форматта жұмыс істейді", - деді Қолдасов.
Ол ақпаратты өңдеу процесінде адамдармен ешқандай байланыс жоқ екенін, бұл айыппұлдарды есептен шығарудың қайталануын болдырмайтынын айтты.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді