Сенатор шетелдіктер мен қазақстандықтардың некесінің заңдылығын тексеруді талап етті
Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, елдегі заңсыз көші-қон мәселесін қозғады. Сондай-ақ қазақстандықтар мен шетелдіктердің некесінің қаншалықты заңды екенін тексеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бибігүл Жексенбай өз депутаттық сауалында Қазақстандағы заңсыз көші-қонның өсуі еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін басты проблеманың бірі деп атады. Сонымен қатар Бас прокуратураның деректерін келтірді, онда еліміздің заңдарын бұзған шетелдік азаматтардың саны 2024 жылы едәуір өсіп кеткен болып шықты. Осы жылдың өзінде 82 мыңнан астам мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 1,2 мыңға жуық жұмыс беруші шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған екен.
"Жалған еңбек шартын, медициналық анықтамаларды жасап, заңсыз есепке қойған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері тұратын қылмыстық топ анықталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің дерегі бойынша қазір 13,2 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының дерлігінде жұмысқа шақыру рұқсат қағазы жоқ. Заңды және заңсыз мигранттардың жинақталуы әлеуметтік-экономикалық ғана емес, қауіпсіздік мәселелерінің туындауына әкелуі мүмкін", – деп атап өтті депутат.
Бибигүл Жексенбайдың пікірінше, жаһандану және көші-қон ағындары күшейген жағдайда Қазақстанға шетел азаматтарының қозғалысын бақылауды күшейту, еңбек мигранттарын заңдастыру жүйесін дамыту және заңсыз көші-қонды мен еңбек ресурсын пайдалануды ұйымдастырушыларға жазаны қатаңдату қажет. Шекарада қатаң шаралар қолдану, бақылауда инновациялық технология пайдалану және мигранттар арасында хабардарлықты арттыруды көздейтін кешенді тәсіл ғана өсіп келе жатқан қауіпті жеңуге көмектеседі, деп санайды сенатор. Қазақстан өзінің экономикалық мүддесін қорғап қана қоймай, қоғамда тұрақтылықты сақтап, барлығына қауіпсіз және әділетті түрде жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуі маңызды, деді Бибигүл Жексенбай.
Бұдан бөлек сенатор шекара бекеттерін дактилоскопия мен биометрия технологияларымен жабдықтап, мигранттардың ел аумағында орын ауыстыруын бақылауды ұсынды. Сондай-ақ жалған құжат жасайтындарды жауапқа тартып, қазақстандықтар мен шетелдіктердің некесі қаншалықты заңды екенін тексеруді талап етті.