Сенат Нұрсұлтан Назарбаевты тағы бір мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады
Сенат Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев қорына қатысты заңды өзгертпекші. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 маусымда Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаны жүзеге асыру үшін "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" заңдарға өзгеріс енгізу қажет екен.
"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", – делінген хабарламада.
Заңның қазіргі редакциясында аталмыш білім беру мекемелері мен қордың Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер өзгеріс қабылданса, қамқоршылық кеңесті президент немесе ол тағайындаған адам басқарады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
