БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сен өзі емшісің бе, әнші ме?": Аралдық емші бала тойда ән салып жүр

"Үкілі емші бала" атанып кеткен Ерболсын Серікбаев осы күні тойда ән салып жүр. "Ән айтқан видеосын емші бала" өзінің Instagram-парақшасына жүктеген деп хабарлайды Stan.kz.

емші бала

Ол туған жерінен Ақтөбеге көшіп, колледжде оқып жүр. Бір кездері емшілік қасиеті арқылы елді шулатқан бозбала енді ән айтып, көпшіліктің көзіне түсті. 
Алайда, емші баланың ән айтқанын жақтырмағандар табылып, оны сынның астына алды. Тіпті оқырмандардың бірі «Сен өзің емшісің бе, әншісің бе?» деген жазба қалдырған. 

 

Дегенмен Ерболсын Серікбаевтың дауысына таңғалғандар да жоқ емес. Олар «Өнерлі жігіт екенсің», «Талабың өрге бассын! Жігітке жеті өнерде аз дегендей сегіз қырлы бір сырлы жігіт!» деп мақтаған.

Осыған дейін ер жеткен емші бала көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын.


Жылан етінен сорпа, талқан жасап, науқастарды емдейтін емші көптеген аурулардың неден туындайтынын айтып берді (видео) >>>
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр