Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылан етінен сорпа, талқан жасап, науқастарды емдейтін емші көптеген аурулардың неден туындайтынын айтып берді (видео)

Жылан етінен сорпа жасап,  науқастарды емдеп жазған Амалбек Серқұловтың пікірінше, қазіргі таңдағы аурулардың басым бөлігі экологиядан тумайды. Ол Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне жылан сорпасы арқылы қандай аурулардан емделуге болатынын, араға шақтырып емдеудің пайдасы неде екенін айтып берді.

Амалбек Серқұлов

Адам өміріне қауіп төндіретін жылан сынды тіршілік иесінің өзі белгілі бір деңгейде денсаулыққа пайдасын тигізе алады. Бұл дәлелденген факт. Жыланның уының көмегімен ревматизм, полиартрит, остехондроз, радикулит, невралгия, астма және гипертония сынды ауруларды жазуға болады. Сондықтан әлемде дәрі-дәрмектен, түрлі терапиядан ем таппаған адамдар, жыланның уымен емделу әдісіне жүгінеді.

Амалбек Серқұлов — Қазақстанда жыланның көмегімен науқасты емдеп жазатын емшілердің бірі. Ол өзінен көмек сұрап келген науқасты алдымен араға шақтыртып, артынан оған жыланның етінен емдік сорпа дайындып береді екен. Жылан сорпасы денсаулыққа пайдалы, алайда оның етін емдік мақсатта жеуге болмайды.

Араның бойында адам ағзасына қажетті 24 амин қышқылының 18-і бар. Аса пайдалы жәндіктердің уы стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді бактерияларға қарсы күресе алады. Амалбек Серікқұловтың өзі арамен емдеу әдісін 13 жылдың көлемінде пайдаланып келеді.

“Емшінің емшілігі тәжірибе жүзінде көрінеді, адам ондай қасиетпен туылмайды. 2006 жылдан бастап өзім бал арамен емделу тәсілін көрдім. Араларға өзімді, ауылдың адамдарын шақтырдым. Бірақ аса пайдалы жәндіктерімен емдеуге келмейтін аурулар бар. Оларды шөппен емдеуге болатынын түсініп, шөп дәрілерді зерттеп, олармен емдей бастадық. Басқа емшілермен танысып, білмегенімді кітаптан оқып үйрендім. Жылан сорпасының жүз грамында тоқсан үш калорий бар. Бұл өте күшті нәрсе. Бізге адамдар бірнеше мәрте дәрігердің қарауынан өткен соң, химиятеропия сынды процедуралар көмектеспегеннен кейін келеді. “Жыланның сорпасының пайдасын естідім” деп көмек сұрайды.

Біз берген сорпаны ішіп, иммунитетін көтереді, бойындағы суығы шығады. Сорпаның көмегімен адам ағзасы тазаланып, қан айналымы жақсарады. Иммунитет көтерілген соң, адам ағзасы түрлі инфекцияларға төтеп беретінін білеміз.  Біз жыланның үш түрінен емдік сорпаларды әзірлейміз. Олардың бірінші тобына өзінің қорегін буындырып өлтіретін, уы жоқ майжыландар жатады.

Олар оңтүстіктің төңірегін мекендейді. Таудың және шөлдің майжыландары деп екіге бөлінеді. Оларды өзіміз шілдеде, жас кезінде жинап алып, бағамыз. Көмек сұрап келген науқасқа одан сорпа жасап береміз. Майжыланның сорпасы иммунитетті өте жақсы көтереді.

Екінші топқа сұржылантектестердің қатарына кіретін гюрза деп аталатын жыланды жатқызамыз. Гюрзаны емдік мақсатта пайдаланамыз. Жыланның бұл түрі Қазақстанның аумағын мекендемейді, сондықтан біз оны Түркіменстаннан алып келеміз.

Гюрзаның уы адам өмірі үшін қауіпті, бірақ сорпасының пайдасы зор. Улы жыланнан сорпа әзірлеу үшін басын бір бөлек, денесін бір бөлек қайнатамыз. Гюрзаның сорпасы  онкологиялық ауруларға, іш-құрылысының ауруларына, тері ауруларына қарсы күресіп, қан айналымын реттейді.

Үшінші топқа кіретін ортаазиялық кобралардан да емдік қасиеті бар сорпаны дайындаймыз. Улы жыланның басын, денесін бөлек-бөлек қайнатамыз. Кобраның сорпасы да жоғарыда аталған аурулардан жазылуға, қатерлі ісіктерді жеңіп шығуға көмектеседі. Емделуге келген адамның сорпаларды жиіркенбей ішкені дұрыс. Сонымен қатар, біз үш жорғалаушының денесінен емдік дәрі жасағанда жанына тасбақаның, кірпінің еттерін қосамыз”, — дейді емші.

Иммунитетті көтерудің 8 қарапайым жолы >>>

Амалбек Серқұловтың сөзінше, олар жылан сорпасына бағаны жорғалаушының көлеміне, түріне қарап қояды. Сонымен қатар, әр адамның қаржылық жағдайын ескеріп, емдік сорпаны қолжетімді бағамен сатуға тырысады. Емші Шымкент қаласында тұрса да, жыланның сорпаларын Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізе алады.

Жыланның, тасбақаның, кіріпінің көмегімен науқастарды емдеп жазған емші көптеген аурулардың неден бастау алатынын айтып берді. Оның пікірінше, адам денсаулығын сақтап, түрлі дерттерге шалдықпауы үшін су, тұз, май сынды өнімдерді ағзаға қажетті мөлшерде тұтынуы қажет.

“Адамдар көптеген аурулардың түрі экологияға байланысты көбейіп жатыр деп ойлайды. Бірақ дерттің барлығы экологияға ғана тірелмейді. 12 жылдық тәжірибесі бар емші ретінде өз пікірімді айтайын. Негізгі аурулардың барлығы сусыздықтан. Адам өміріне қажетті суды аз мөлшерде тұтынғанда түрлі ауруларға шалдығады. Ағза сусызданғаннан кейін, адамның жаны да қинала бастайды.

Кейбір адамдар азанда ұйқыдан тұрған уақытынан бастап кешке дейін өзіне қажетті мөлшердегі суды ішпейді. Таңертең тұрып, жуынып алып, таңғы асын, шайын, кофесін ішу үшін дастарханға жайғасады. Жұмысқа барғанда да солай. Күні бойы екі сусынды тұтынады.

Адам бір күннің ішінде жұмсайтын суының нормасын қайтадан толтырмайды. Сосын ағзадағы тұздың мөлшері суды ұстап тұра алатындай жеткілікті болуы тиіс. Дәрігерлер тұзды да, майды да ағзаға зиян деп, оны тұтынуға тыйым салады. Зиян түгі де жоқ. Ағза майдың өзіне қажетті мөлшерін сіңіріп алады. Майды қанша жесе де, су оны шайып жібереді.

Бір күнде екі литр суды ішуге шама келмесе, жарты литр, тым болмаса бір стақан ішу қажет. Біз, қазақ, өзбек, тәжік, меймандас халықтармыз. Үйге кісі келсе, шай қойып, дастарқан жасаудың қамына кірісіп кетеміз. Бірақ тарихқа үңіліп қарасақ, ата-бабаларымыздың жүз, екі жүз жыл бұрын шайды емес, ағып жатқан суды, қымыз бен қымыранды ішкенін байқаймыз.

Денедегі қанның жетпіс бес пайызы судан тұрады. Шай оның құрамына су ретінде сіңіп кете алмайды. Көптеген адамдардың қаны қоюланып кеткен. Оларға сүзгіден өтпеген суды ішіп, тұз жеуге кеңес берсең, оны құлақтарына да ілмейді. Сүзгіленбеген судың құрамында хлордың бар екенін алдыға тартады. Суды тұндырып қойса, хлоры ұшып кетеді. Қазір адамдарға бірнәрсе айтсаң, өзіңе қарай шабады. Әрқайсысы бас-басына емші. Диагноздарын өздері қойып алған.

Көптеген адамдар ағзасына еш пайда бермейтін шайды шәйнектеп ішеді. Шай ішкенде адам терлейді, жаны рахаттанады. Сөйтіп ол өзіне зиян келтіріп жатқанын байқамай, сол рахатқа тәуелді болып қалады. Күніне бір литр шай ішкен адам, бір литр үш жүз грам су жоғалтады. Шайдың көлемін күніне жарты стақан немесе бір стақан ішетіндей етіп азайтқан дұрыс”, — дейді емші.

Амалбек Серқұловтың сөзінше, ешбір халық дәл қазақ сияқты шайды тұтынбайды. Үнді, қытай, жапондардың өздері қай да барса да бір бөтелке суларын көтеріп жүреді. Жапондықтарда тіпті адамды сумен емдеу жолдары бар. Сондықтан қазақстандықтарға да дамушы елдердің тұрғындарынан қалыспай, салауатты өмір салтын ұстаған абзал.

 

Талқылау
Пікір
Түркістан
30 Қаң, 24 жыл - 13:44

Саламатсызба сізбен калай сойлесуге болады анам рак пен ауырып жатыр ягни киста бар бирак оган химия деп айтты ал ішінде ісік бар деди соган кандай ем алуга болады естиуымше жылан сорпасын ишсе жаксы болып кетеди деп естидим туркестан каласында турамыз сизден комек сураймын анамды аякка тургызып берсениз отиниш 8 778 616  11 25 Арай жауап кутем