Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен қолыңды да қимылдата алмайсың": Қызына қамқорлық танытқан әке желіні сүйсіндірді (видео)

TikТok желісінде өзін ерекше диагнозы бар деп таныстырған nazeka_ermek пен әкесі екеуінің диалогы оқырмандарды тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Видеодан Назеркенің әкесіне желі қолданушыларының оған қандай пікір жазғанын айтып, көңілі түсіп қалғанын көруге болады.

"Папама еркелеп, кофе ішіп отырмын. Мұнда енді оған өкпемді айта бастадым. Біреу жазып жіберіпті. Сен дейтін өтірік ақша табасың. Сен қалай жұмыс істейсің? Сен, тіпті, қолыңды да қимылдата алмайсың. Сендер жай ғана "хайп" ұстап жатсыңдар деп жазыпты. Үнсіздік... Әкем "қыз ба?" деп сұрады. Білмеймін деп жауап бердім. Әкем "айта берсін, қайтесің..." деп айтты", – деді Назерке.

Қыз кейде әкесіне осылай еркелеп, ішіндесін айтып алады екен.

"Папама еркелеп, ішімдегінің бәрін осылай айтып аламын. Жаным, асқар тау әкемнің қаншалықты ақкөңіл екенін видеодан-ақ байқауға болады ғой. Хейтерлердің өзіне дым демейді ғой тіпті. "Айта берсін, қайтесің" деп жымиып қояды. Ешкімге ештеңе дәлелдеме ақталма дегені ғой. Ең керемет әкеге лайк пен комментарий жаза кетіңіздерші. Оқып, мәз болсыншы", – деді ерекше диагнозы бар қыз.

Алайда желі оқырмандарының пікірі екіге жарылды.

Қолданушылардың бірі "қолдарын қозғалта алмаса, ол пікірлерді қалай жазады және оларға жауап береді?" десе, енді бірі "Әкесінің іштей қиналып жатқаны көрініп тұр. Аман болыныздаршы" деп пікір қалдырған.

@nazeka_еrmek

Папама еркелеп, ішімдегінің бәрін осылай айтып аламын🥰 Жаным, асқар тау әкемнің қаншалықты ақкөңіл екенін видеодан-ақ байқауға болады ғой💔 Хейтерлердің өзіне дым демейді ғой тіпті. "АЙТА БЕРСІН, ҚАЙТЕСІҢ" деді жымиып қана. Ешкімге ештеңе дәлелдеме ақталма дегені ғой🥺 Ең керемет әкеге лайк пен комментарий жаза кетіңіздерші. Оқып, мәз болсыншы❤️

♬ оригинальный звук - SMM ЭКСПЕРТ | МОТИВАТОР 🎈
Талқылау