Семейдегі ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты: Келушілер ғимараттан сырт киімсіз шұғыл шығуға мәжбүр болған
Видеодан скрин
Семейде “Bala Park” ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан аязды күнде келушілердің, соның ішінде балалардың да сырт киімсіз ғимараттан шұғыл шығуға мәжбүр болғанын көруге болады.
Төтенше жағдайлар министрлігің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған.
Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өздігінен эвакуацияланған.
“Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде. Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған