Семейде ірі киім базарларының бірі өртеніп кетті
6 ақпан күні сағат 03:00 шамасында Семейдегі “Ақшын” базарынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Арнайы техникалар кедергісіз өту үшін қала орталығындағы бірнеше көше жабылды.
- Павлодарда жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті
- Газ тасымалдайтын көлік жарылып, үш жүзге жуық адам зардап шекті (видео)
“Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ басқа да оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызмет етіп жатыр”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін Чилидегі орман өрті кезінде 112 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"