Семейдегі құқық қорғау органы қызметкелеріне арналған түрмеде төбелес болып, сотталушы қаза тапты
Семейдегі құқық қорғау органы қызметкелеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушылардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың 5 қазанында болды. Екі сотталушы төбелесіп, салдарынан ауыр жарақат алған сотталушы оқиға орнында көз жұмған.
ҚАЖД мәліметінше, қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
"5 қазанда Абай облысының №19 аралас қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, салдарынан сотталғандардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
ҚАЖД аталған колонияда құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратура, ҰҚК, Ұлттық ұланның бұрынғы қызметкерлері отырғанын растады.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын