Семейде жүргізуші қызды қағып, белгісіз бағытқа алып кеткен
Семейде жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Көлік апатына себеп болған тұрғын зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен. Қазір жүргізушінің жеке тұлғасы мен қыздың қайда екені анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іздестіру жұмыстары екі күннен бері жалғасуда. Алайда әзірге еш нәтижесіз.
"Семей қалалық полиция басқармасының 102 каналына "Радуга" сауда үйі ауданында жүргіншілер жолағында анықталмаған автокөлікте отырған белгісіз жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмаған қызды (шамамен 12-13 жас) қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Жүргізуші зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен", – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар