Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жүргізуші 2 адамды қағып қашып кетті, жас жігіт көз жұмды

Семейде Land Rover жүргізушісі қыз бен жігітті қағып, оқиға орнынан қашып кетті. 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы "Өскемен жаңалықтары" порталы хабарлады. 

16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсан күні сағат 22.30 шамасында Қабанбай батыр мен Гете көшелерінің қиылысында болған. 

"29 жастағы Land Rover жүргізушісі жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, оқиға орнынан қашып кетті", деп хабарланды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 


Петропавлда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам 10 күнге қамалды (видео)


Оқиға орнынан қашқан жүргізуші көп ұзамай ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 02 Желтоқсан, 2021 13:47