Петропавлда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам 10 күнге қамалды (видео)
Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды.
Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткі пайдаланған ер адамға "Ұсақ бұзақылық" бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді