Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді
Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кетті. Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Қыздың денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Үш апталық гематомалардың қайталанған жарақаттан туындағаны белгілі болды. Бұл тұжырым Диананың жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.
Диана комада 15 сағат жатып, көз жұмды.
"Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, соның ішінде сот-медициналық сараптамаларымен дәлелденді. Қазір күдікті сотқа жіберілді", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті өкілдері.
Еске салсақ, Талдықорғандағы сұлулық салондарының бірінде ер адам өзінің бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, оны пышақпен бауыздамақ болған.