Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен алатын өтемақының 12 пайызын қайтаруға наразы болып отыр

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекетке салық төлеуі тиіс. Олар уәде етілген өтемақыны әлі күнге дейін алмаса да, бөлінген соманың 12 пайызын қайтарып берулері керектігін енді біліп отыр. Мұндай жаңалық тұрғындарды қайран қалдырды. Олардың сөзінше, бөлінген азын-аулақ ақша үйді жөндеуге де жетпейді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен алатын өтемақының 12 пайызын қайтаруға наразы болып отыр

«Бұл сомадан 12 пайызын алып тастаңыздар. Бұл қайда жазылған? Бізді бір кәсіп немесе ұтыс билеті көре ме? Келісім шартта қосылған құн салығынысыз екені жазылып тұр», – дейді тұрғын Людмила Рудик.

Тұрғындардың сөзінше, оларға уәде етілген сома үйге жөндеу жүргізуге жетпейді. Оларға құрылыс материалдарынан бөлек, жиһаз, техника мен үйге қажет басқа да заттар сатып алу керек.

Тасқыннан зардап шеккендердің дені әлі күнге дейін туыстарының үйінде, жатақханада және қонақүйде тұрып жатыр. Тіпті, кейбірі үйін құрғатып, ауласындағы қирандыларды ретке келтіру үшін жұмысынан шығып кеткен.

Бастапқыда тұрғындары үйлерінің жөндеу жұмыстарын құрылыс компанияларына сеніп тапсырмақ болған. Алайда артынша ойынан айнып, мемлекеттен ақша алып, үйлерін өздері жөндеуді ұйғарған. Осылайша сапалы әрі арзан түседі екен.. Алайда боджет кодексіне сәйкес, бәрі-бір салық төленуі керек, дейді әкімдіктегілер.

«Үй иесі баспанасының жөндеу жұмыстарын құрылыс компанияларының жүргізуінен бас тартса, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының сомасынан қосылған құн салығы алынады. Егер жөндеу жұмыстарын құрылыс фирмалары жүргізсе, олар бұл соманы бюджетке өздері төлейді», – дейді Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басқарушысының орынбасаоры Светлана Зәуірбекова.

Айта кетсек, наурыз айының соңында Ертіс өзені арнасынан тасып, қаладағы 300-ден аса үй зардап шеккен еді.

Оқи отырыңыз:

Өскемендік студент қыз Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті

Қостанай облысында бір топ ер адам зорлап тастаған қыз жүкті болып қалды

6 жасында қос қолынан айырылған тараздық азамат аяқ астынан баспаналы болды (видео)

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Талқылау