Семейде оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді
Семейде қатарластарын аяусыз соққыға шыққан жасөспірімдерге қатысты комиссия шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, жасөспірімдердің қатарластырын ұрып-соғу оқиғасы қаралды.
Отырыс нәтижесі бойынша оқиға қатысушылардың барлығын оқшаулау және психологтармен жұмыс істеу үшін девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.
Семейде оқушыны соққыға жыққан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды
"Комиссия үш ата-анаға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасады, сондай-ақ бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан айыруды ұсынды. Барлық материалдар сотқа жіберілді, сотта соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот жасөспірімдердің арнайы мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы соңғы шешім шығарады", – делінген полиция хабарламасында.
Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу басталғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік.