Семейде жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған ана үйіне жіберілді
Фото: Egov.press
Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған іс бойынша анасы мен оның танысы тергеу кезінде елден шықпау туралы қолхатпен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаменті растады.
Неліктен олар уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалмады деген сұраққа полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, соның ішінде баланың өлім себебі анықталуы қажет екенін түсіндірді.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", – деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ полиция өкілдері кінәлі адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынын, кінәсі дәлелденген әр адам заң бойынша тиісті жазасын алатынын атап өтті.
Еске салайық, Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"